KazNetCom — өзінің оптикалық желісі, тәулік бойы жұмыс істейтін техникалық қолдауы және жеке монтаждау бригадалары бар, қарқынды дамып келе жатқан телекоммуникациялық оператор. Біз ірі компаниялармен қатар жеке пайдаланушыларға да қызмет көрсетеміз. Компаниямыздың кеңеюіне байланысты командамызға шақырамыз. Қарасай ауданы бойынша сауда өкілін.
Вакансия: Қарасай ауданы бойынша сауда өкілі
- 200 000 тг бастап + 170 000 тг бастап (бонус)
Міндеттері:
-
B2C және B2B сегменттерінде телекоммуникациялық қызметтерді ілгерілету;
-
Кездесулер мен кеңестер өткізу, тұрғын үйлер мен ұйымдарды аралау;
-
Қызметтерді таныстыру, шарттар жасасу, клиентке қызмет көрсету;
-
Қарасай ауданы аумағында клиенттік базаны белсенді түрде кеңейту.
Біз ұсынамыз:
-
Нөлден бастап оқыту: өнім, тарифтер, техникалық бөлім және сату техникасы бойынша үш күндік кіріспе курс;
-
Жұмыстың алғашқы апталарында тәлімгердің қолдауы;
-
Тұрақты жалақы және бонус мөлшеріне шектеу қойылмаған мотивациялық жүйе;
-
Қажетті барлық материалдар мен фирмалық мерч беріледі;
-
Икемді жұмыс кестесі — кеңсеге байланып жұмыс істемейсіз, таңертең және жұмыс күнінің соңында геолокацияңызды жібересіз;
-
Азаматтық-құқықтық шарт бойынша ресімдеу, тұрақты төлемдер;
-
Сіздің міндетіңіз — сату, ал барлық техникалық сүйемелдеумен жеке команда айналысады;
-
Кеңсеге байланып жұмыс істемейсіз — жұмыс күніңізді өзіңіз жоспарлайсыз.
Біздің артықшылықтарымыз:
-
Жеке оптикалық-талшықты желі;
-
Әр клиентке жеке көзқарас;
-
Тәулік бойы жұмыс істейтін техникалық қолдау;
-
Барлық техникалық және монтаждау жұмыстарын өз командамыз толық сүйемелдейді.
Талаптар:
-
Белсенділік, мақсатқа ұмтылушылық және табыс табуға деген ынта;
-
Қарым-қатынасқа бейімділік, оқуға деген дайындық;
-
Клиенттермен байланыс орната білу және нәтижеге қол жеткізу қабілеті.
Егер сіз мансапты бастауға немесе жаңа деңгейге көтерілудің мүмкіндігін іздесеңіз — бұл сіздің мүмкіндігіңіз. KazNetCom командасына қосылып, бізбен бірге дамыңыз.