+7(727)3567170  |   8 778 870 12 71  |  сапаны бағалау

Бизнеске арналған Dr.Web

Dr Web Premium

Бизнесіңіз үшін ең үздік таңдау

Қорғаныс компоненттері

Антивирус

Қорғалатын жүйеге вирустар мен зиянды бағдарламалардың енуіне жол бермейді, сондай-ақ жүйеге еніп кеткен вирустарды жояды.

Веб-антивирус SpIDer Gate

Веб-беттерді нақты уақыт режимінде тексеріп, фишингтік және басқа да қауіпті интернет-ресурстарды бұғаттайды.

Проактивті қорғаныс

Ең жаңа белсенді қауіптерден, мақсатты шабуылдардан және жүйеге ену әрекеттерінен, соның ішінде «нөлдік күн» осалдықтары арқылы жасалатын шабуылдардан қорғайды.

Деректердің жоғалуынан қорғау

Троян-шифрлаушы зақымдаған файлдарды олардың тұрақты резервтік көшірмелерін жасау арқылы қорғауға көмектеседі.(әдепкі бойынша өшірілген)отключена по умолчанию)

Спамға қарсы қорғаныс

Хабарлама тілінің қандай екеніне қарамастан, спамды өте жоғары дәлдікпен анықтайды және қате анықтау ықтималдығын барынша төмен деңгейде ұстайды.

Кеңсе бақылауы

URL мекенжайларындағы кілт сөздер бойынша сайттарды бұғаттап, қажетсіз веб-ресурстарға кіруден қорғайды. Файлдарға, бумаларға және алынбалы тасымалдағыштарға қол жеткізуге тыйым салу функциясы ақпаратты рұқсатсыз пайдалануға, жоюға немесе ұрлауға жол бермейді.

Алынбалы құрылғыларды бұғаттау

Алынбалы тасымалдағыштарға — флеш-карталарға және компьютерге USB порты арқылы қосылатын кез келген құрылғыларға, соның ішінде веб-камераларға, фотоаппараттарға және MP3 ойнатқыштарға қол жеткізуді бұғаттайды.

Брандмауэр

Хакерлердің компьютеріңізге заңсыз кіру әрекеттеріне тосқауыл қояды.

Dr.Web бұлттық қызметі

Компанияның «Доктор Веб» серверлерінде URL мекенжайларын нақты уақыт режимінде тексеру.

Android үшін қорғаныс компоненттері*

*Android TV жүйесінде жұмыс істейтін құрылғылар үшін тек Антивирус, Қауіпсіздік аудиторы және Брандмауэр қолжетімді.

**Бұл компонентті SIM-картасы жоқ құрылғыларда пайдалану мүмкін емес.

Қоңыраулар мен SMS фильтірі

Қажетсіз қоңыраулар мен SMS хабарламаларынан қорғайды.

URL-фильтр

Android жүйесіндегі Dr.Web вирус базаларының күйіне қарамастан, қажетсіз интернет-ресурстарға қол жеткізуді шектейді.

Антивирус

Трояндардан және басқа да зиянды бағдарламалардан қорғайды.

Ата-ана бақылауы

Қолданбаларды рұқсатсыз қол жеткізуден, ал антивирус баптауларын бөгде адамдардың немесе балалардың қалаусыз өзгерістерінен қорғайды.

Ұрлыққа қарсы қорғаныс

Мобильді құрылғы жоғалған немесе ұрланған жағдайда оны табуға көмектеседі, қажет болған жағдайда құрылғыдағы құпия ақпаратты қашықтан жоя алады.

Қауіпсіздік аудиторы

Қауіпсіздік диагностикасын жүргізіп, қауіпсіздік мәселелерін анықтайды және оларды жою жолдарын ұсынады.

Қолдау көрсетілетін операциялық жүйелер

Қорғанысты басқару

Егер компанияңызда штаттық немесе қызмет көрсету бойынша шақырылатын жүйелік әкімші болса, қызмет көрсетуші оған Басқару орталығы арқылы антивирустық қорғаныс жүйесін басқару функцияларын бере алады. Бұл кәсіпорынға антивирустық желінің ақпараттық қауіпсіздігін басқару мүмкіндіктерін кеңейтуге мүмкіндік береді. 

Dr.Web-ті қосу

Кері қоңырау
Менеджер сізбен алдағы 10 минут ішінде байланысады.
Заявка на услугу
Продолжая использовать наш сайт, вы даете согласие на обработку файлов cookie, которые обеспечивают правильную работу сайта. Благодаря им мы улучшаем сайт и обслуживание.