+7(727)3567170  |   8 778 870 12 71  |  сапаны бағалау

Қаскелең сапалы интернетпен қамтамасыз етіледі

«KazNetCom» компаниясы Қаскелең қаласының әкімі Асқар Мұқашевтің қолдауымен интернет сапасын жақсарту бойынша жұмыстар жүргізіп жатыр. Атап айтқанда, оптикалық-талшықты желілер тартылуда. Сонымен қатар компания интернет желісіне радиоканал арқылы қосылу мүмкіндігін қамтамасыз ету үшін базалық радиорелелік станцияларды орналастыра алады. Мұның барлығы әкімдіктің жарықтандыру бағаналарын компанияға өтеусіз негізде беруінің арқасында мүмкін болып отыр.

«KazNetCom» ЖШС директоры Жандос Алимбетовтің айтуынша, компанияның кеңсесі Алматы қаласында орналасқан. Соңғы уақытта Қаскелең тұрғындарынан интернет сапасын жақсарту туралы өтінімдер жиі түсе бастаған. Осы мәселені шешу мақсатында ол Асқар Окенұлына жүгініп, тиісті қолдау тапты. Атап айтқанда, интернет желісін тарту үшін көше жарықтандыру желілерін өтеусіз негізде пайдалануға берді. Сонымен қатар тараптар арасында ынтымақтастық туралы келісім жасалды.

– Өзім Қаскелең қаласының тумасымын, – деді Жандос Алтайұлы. – Керімбеков атындағы орта мектепті бітірдім. Қазіргі уақытта ата-анам да осында тұрады. Сондықтан туған қаламды сапалы интернетпен қамтамасыз еткім келеді.

Жұмыстар «Оңтүстік» шағынауданынан басталды. Ол жерден интернет желілері Қаскелең қаласының орталығына, одан әрі «Қарлығаш» тұрғын үй кешеніне дейін тартылды. Жұмыс жоспарына сәйкес, Қаскелең көшелерінің 90%-ы сапалы интернетпен қамтамасыз етіледі.

– Бұл желілерді тартатын мамандардың өздері Қаскелең қаласында тұратыны да маңызды, – деп атап өтті Жандос Алтайұлы. – Олар кейін осы желілерге техникалық қызмет көрсететін болады. Бұл компания үшін де, мамандардың өздері үшін де өте ыңғайлы. Ал интернетке қосылу рәсіміне келетін болсақ, өтінім қалдыру жеткілікті. Төлемді қолма-қол ақшамен де, kaspi.kz қосымшасы арқылы бөліп төлеу түрінде де жасауға болады.

Жаңалықпен бөлісу
Facebook
LinkedIn
OK
Telegram
WhatsApp

Басқа жаңалықтар

Кері қоңырау
Менеджер сізбен алдағы 10 минут ішінде байланысады.
Заявка на услугу
Продолжая использовать наш сайт, вы даете согласие на обработку файлов cookie, которые обеспечивают правильную работу сайта. Благодаря им мы улучшаем сайт и обслуживание.