+7(727)3567170  |   8 778 870 12 71  |  сапаны бағалау

L3 VPN желілері – компанияның бірыңғай жеке желі инфрақұрылымын дамытудың жаңа кезеңі. Олар бизнесіңіздің дамуын сапалы жаңа деңгейге көтеруге мүмкіндік береді.

L3 VPN қызметі – CE-Customer Edge технологиясының көмегімен компанияның әртүрлі жерде орналасқан филиалдарын бірыңғай жеке желіге біріктіруге арналған қарапайым әрі тиімді шешім. Мұндай желілердің басты артықшылықтары – IP негізіндегі сенімді байланыс, деректерді жоғары жылдамдықпен беру және жауап беру уақытының өте аз болуы.

Қызметтің артықшылықтары

Жоғары жылдамдық және сенімділік

  • IPv4 және IPv6 хаттамаларын қолдау
  • QoS икемді функционалдығы
  • Сапалы IP-байланыс
  • Ағындық бейнені тарату
  • Төмен ping

Жұмыс қауіпсіздігі

  • Қауіпсіздіктің жоғары деңгейі
  • IP байланысы
  • «нүкте-нүкте» (point-to-point)
  • «толық байланысқан желі» (full-mesh)
  • «орталықтандырылған желі» (hub-and-spoke)

Интеграцияның ыңғайлылығы

  • ERP, CRM
  • E-mail Private Server
  • Exchange Server
  • Cloud шешімдері
  • Өздігінен реттеу

Бұл қалай жұмыс істейді?

Филиалдарыңыздағы жабдық KazNetCom желісіне қосылғаннан кейін қызметкерлеріңіз компанияның бірыңғай ішкі желісін пайдалана алады: деректерді жоғары жылдамдықпен алмасу, ағындық бейнені тарату, серверлер мен деректер базасына лезде қол жеткізу мүмкіндігі беріледі. BGP хаттамасын немесе статикалық маршруттауды пайдалану арқылы сіздің жабдық пен KazNetCom желісі арасында филиалдарыңыз бен сервистеріңіз арасындағы трафиктің қозғалысы толық бақылауда болады.

Принцип работы L3 VPN

Артықшылықтары қандай?

L3 vpn Симметричный канал

Симметриялық арна

VPN желілерінің жоғары өткізу қабілеті, төмен кідіріс және магистральдық арналардың резервтелуі деректер, дауыс және бейне сияқты кез келген көлемдегі трафикті сенімді түрде беруге мүмкіндік береді.

L3 vpn Безопасность

Қауіпсіздік

Корпоративтік деңгейдегі маршруттау хаттамалары желінің рұқсатсыз қол жеткізу әрекеттеріне төзімділігін арттырып, қауіпсіздіктің қосымша деңгейін қамтамасыз етеді.

L3 vpn Премиум поддержка 24/7

Премиум деңгейдегі қолдау қызметі 24/7

Жоғары білікті техникалық мамандар, жеке менеджерлер, желіні тәулік бойы (24/7) бақылау және клиенттерге сапалы техникалық әрі ақпараттық қолдау көрсету.

L3 vpn Безперебойность

Үзіліссіз жұмыс

KazNetCom интернет желілерінің кеңейтілген инфрақұрылымы мен байланыс тораптарының заманауи жабдықталуы қызметтің жоғары сенімділігін, жылдам жұмысын және 94% қолжетімділігін қамтамасыз етеді.

L3 vpn Масштабируемость

Масштабталуы

Желі өткізу қабілетін икемді басқару, қызметті 1 күн ішінде іске қосу, кез келген аумақтық немесе бұлтты сервистермен жылдам интеграциялау мүмкіндігі.

L3 vpn Индивидуальный подход

Индивидуальный подход

Компанияңызға арналған жеке ұсыныстар, шығындарды икемді басқару мүмкіндігі – артық шығынсыз, тек таңдаған қызметтеріңіз үшін ғана төлем жасайсыз

Қызметті қосу

Сату бөлімінің менеджері ақпаратты нақтылау үшін сізге алдағы 10 минут ішінде хабарласады. Коммерциялық ұсыныс көрсетілген электрондық пошта мекенжайына 1 жұмыс күні ішінде жіберіледі. 

Обратный звонок
Менеджер свяжется с Вами в ближайшие 10 минут
Заявка на услугу
Продолжая использовать наш сайт, вы даете согласие на обработку файлов cookie, которые обеспечивают правильную работу сайта. Благодаря им мы улучшаем сайт и обслуживание.